Қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды

ҰБТ-ға қатысуға 167 мыңға жуық адам өтініш берді.

167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.

Қаңтар ҰБТ-сын өткізудің бірінші күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласындағы тестілеу орталықтарының бірінде болды. Ол ҰБТ-ның өту барысымен танысып, болашақ студенттерге сәттілік тіледі.

"Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 2277 адам, оның ішінде елордада 155 талапкер ҰБТ тапсырады. Ең көп таңдалатын бейіндік пәндер комбинациясы бірнеше жыл қатарынан өзгеріссіз қалып отыр. Талапкерлердің 17,5%-ы "Математика-Физика" комбинациясын таңдаған. Яғни, бұл болашақ инженерлер, механиктер, мұғалімдер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 17,3%-ы "Биология-Химия", 10,3%-ы "Математика-Информатика" пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медицина қызметкерлері мен IT мамандары", — деді министр Саясат Нұрбек.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша пәндер. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#лимит на легионеров #Олимпийский комитет #Михаил Дегтярев #НМИЦ радиологии #Онколог #Андрей Каприн #историко-культурный объект #WBO и WBA #IBF #Михаэль Айферт #RCC Boxing Promotions #процентная ставка #Хайфа #Байба Браже #воздушное пространство Испании #Маргарита Роблес #Педро Санчес #группировка “Днепр” #украинские дроны #Алиреза Тангсири #Украинский конфликт #Сортировка отходов #Антоний Борисов #воскрешение Лазаря #Вифания #Лазарева суббота #Московская духовная академия #опиумный мак #Гребенкин #Хайбатулла Ахундзада #афганские моджахеды #насильственные преступления #миграционные потоки #Замир Кабулов #человеческие жизни #Яна Поплавская #общественный деятель #российское общество #Владимир Соловьёв #дискуссия #травматологи #дети-подростки #Татнефтехиминвест-холдинг #комик Петров #ликвидация комика #российские граждане #русские за рубежом #ракетный обстрел #Белгородская область #температура

Newsletter