Келесі жылы 2,5 млн га алқапқа үйірлі шегіртке таралуы мүмкін

Үкіметтің ақпаратынша, бұл 2023 жылға қарағанда 1,5 есе көп.

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының деректері бойынша 2023-2024 жылдар шегірткелердің таралу циклінің 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. Соңғы рет кері динамиканың өсуі 2014 жылы байқалды. Одан кейін зиянкестердің таралу аумағы үздіксіз азайғанмен, 2021 жылдан бері қарай қайтадан ұлғая бастаған.

"2024 жылы 2,5 млн гектар алқапқа шегіртке шоғыры таралуы мүмкін деген болжам бар. Бұл 2023 жылға қарағанда (1,6 млн га) 1,5 есе көп. Шегірткелер шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралады деп күтілуде", — деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің мәліметінше, 2024 жылға бөлінген 4,2 млрд теңге жобаланған жер көлемінің жартысын ғана өңдеуге жетеді. Шегіртке зиянкестерінің таралу алаңының болжамды көлеміне өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бүріккіш техниканың санын арттыру қажет болады. Пестицидтердің қолда бар қорынан бөлек қосымша қаржы бөлінуі керек.

"Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды атқаруға тыңғылықты дайындықты қамтамасыз етуі қажет. Ал Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану шараларын ұйымдастыру үшін қосымша қаржы бөлуі керек", — деп тапсырды вице-премьер Серік Жұманғарин.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в регионах РФ, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#беспилотные угрозы #укрытия #Томская область #жиросжигатель #Ретатрутид #Retatrutide #АКИТ #полезная информация #селекция #Российские военнослужащие #Мухаммед аль-Фарх #Гражданский кодекс РФ #Углегорский район #судебно-медицинская экспертиза #EY-Parthenon #6 трлн #технологический суверенитет #финансовый кризис #Ключевая #национальный проект Семья #Лучанов #каратели #сердечная проводимость #ГКБ Вересаева #армия России #Владимир Сидорович #Оzon #Эмин Агаларов #ОВД Долгопрудного #Борис Надеждин #Минюст России #газпром трансгаз казань #особый порядок суда #подкуп арбитров #Скородумов #Кировский район Казани #дикорастущая конопля #сокращение слов #разговорный письменный язык #Татьяна Гартман #Галина Бобкова #деловая переписка #Исмаил Багаи #поиски женщины #рост доходов #недорогая обувь #недорогая одежда #поддержка отечественных производителей #Патриот #Lockheed Martin

Newsletter