Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылды

Үлкен Алматы көліне автокөлікпен көтерілуге тыйым салынды.

Тамыз айында Үлкен Алматы көліне автокөлікпен көтерілуге рұқсат берген еді. Дегенмен бір айдың ішінде тұрғындардың табиғатты ластап, қоқыстарын шашып кеткен бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл жайт БАҚ-да жарияланған еді. Нәтижесінде көлге апаратын жол қайтадан жабылды. Оған қайтадан жаяу немесе велосипедпен көтерілуге тура келеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Республикалық маңызы бар Алматы-Космостанция автомобиль жолының учаскесінде 15-34 километрге көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл қозғалыс адамдар мен табиғаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіпті сақтау және қорғау үшін жасалған", – дейді «Қазавтожол» қызметкерлері.

Баспасөз қызметі Үлкен Алматы көліне кімдердің көлікпен кіретінін айтып өтті.

"Бектілген тізімге сәйкес, қызметтік міндеттемелерді орындау үшін жүріп өтуге рұқсат етілетін қызметтік автокөліктер бар. Олар Ұлттық саябақ қызметі, шекара заставасы, «Космостанция» ғылыми базасы, метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер, Алматы қаласының туризм басқармасының қызметкерелері кіре алады", – дейді «Қазавтожол» баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 22 тамыздан 14 қыркүйекке дейін ҮАК аумағынан 4200 келі қоқыс шығарылған еді.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#иностранные наемники #грузовые автомобили #Новоспасский район #Алексей Русских #государственные университеты #иностранные студенты #Леонид Слуцкий #Благовещенск #Артем Минаев #Атаки БПЛА #атака беспилотника #среднедушевой доход #Андрей Гиринский #семейная налоговая выплата #НДФЛ #РУДН #ИрАэро #Елизово #Хэйлунцзян #Камчатский край #Фридриха Мерца #неработающие пенсионеры #Чукотский автономный округ #Соцфонд #2026 год #Карстен Шнайдер #Министерство окружающей среды #Чернобыльская АЭС #ученые разработали #химиотерапия #витринные образцы #Алексей Тюльпин #гарантия #продавец #министерство края #ООО СЗ Корса #шоссе Космонавтов #шри-ланка #Галатасарай #Алексей Батраков #Ростов-на-Дону #украинка #сетевое хранилище #USB #медиасервер #роутер #принтер #Следственный комитет России #Новгородская область #Декларация о независимости

Newsletter