Елордада көлікті жалға алып, бөлшектеп сатып жіберген күдікті анықталды

Астана қаласының аумағында 16-20 қазан аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады. Алдын ала тергеу барысында белгілі болғаны ол ГАЗель автокөлігін жалға алып, оның құрал-саймандарын бөлшектеп сатып жіберген. Осылайша жәбірленушіге 4 млн теңгенің көлемінде шығын келтірген.

Қазіргі уақытта қолға түскен азамат мойындау көрсетпелерін берді.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 37 жастағы күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуге түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға атсалысуды сұрайды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қылмыс пен құқық бұзушылық жасау фактілеріне куә болсаңыз, соған қатысты ақпаратқа немесе басқа да маңызды мәліметтерге ие болсаңыз, Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Астана қаласының полиция департаментіне жүгінуіңізді, сондай-ақ “102” мобильді қосымшасы арқылы немесе “102” нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Сурет: Polisia.kz

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#иностранные наемники #грузовые автомобили #Новоспасский район #Алексей Русских #государственные университеты #иностранные студенты #Леонид Слуцкий #Благовещенск #Артем Минаев #Атаки БПЛА #атака беспилотника #среднедушевой доход #Андрей Гиринский #семейная налоговая выплата #НДФЛ #РУДН #ИрАэро #Елизово #Хэйлунцзян #Камчатский край #Фридриха Мерца #неработающие пенсионеры #Чукотский автономный округ #Соцфонд #2026 год #Карстен Шнайдер #Министерство окружающей среды #Чернобыльская АЭС #ученые разработали #химиотерапия #витринные образцы #Алексей Тюльпин #гарантия #продавец #министерство края #ООО СЗ Корса #шоссе Космонавтов #шри-ланка #Галатасарай #Алексей Батраков #Ростов-на-Дону #украинка #сетевое хранилище #USB #медиасервер #роутер #принтер #Следственный комитет России #Новгородская область #Декларация о независимости

Newsletter