Күрес түрлерінен Азия лицензиялық турниріне қатысатын қазақстандық балуандар анықталды

Бішкек қаласында 19-21 сәуір аралығында өтетін күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия іріктеу лицензиялық турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды.

Іріктеу лицензиялық турниріне еліміздің атынан грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 16 спортшы қатысады. Оның ішінде грек-рим және еркін күрес түрлерінен бес-бестен балуандар барса, әйелдер күресінен алты спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы kazinform.kz-ға сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Демеу Жадраев (77 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) боз кілемге шығады.

Ал еркін күрестен Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Майис Алиев (65 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Әлішер Ерғали (97 келі ), Юсуп Батырмурзаев (125 келі) сайысқа түссе, әйелдер күресінен Лаура Ғаниқызы (50 келі), Жұлдыз Эшимова (53 келі), Эмма Тисина (57 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Шалыгина Елена (68 келі), Жәмила Бақбергенова (76 келі) ел намысын қорғайды.

«Сондай-ақ, Париж Олимпиадасына жолдама берілетін әлемдік іріктеу турнирі 9-12 мамыр аралығында Түркияның Стамбул қаласында болады. Онда әрбір салмақта үш жолдама сарапқа салынады. Жартылай финалда жеңімпаз атанған балуандар Олимпиадаға жолдама алады. Ал үшінші орын үшін белдесу өткізіліп, жеңгені тағы бір жолдама иесі атанады», — деді Kazinform тілшісінің сұрағына берген жауабында Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов.

Әзірге күрес түрлерінен ел құрамасының еншісінде 2024 жылғы Париж Олимпиадасына 2 жолдама бар. Оның біріне еркін күрестен Азамат Дәулетбеков ((86 келі) қол жеткізсе, тағы біреуі грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсыновтың (87 келі) еншісіне бұйырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#неработающие пенсионеры #Чукотский автономный округ #Соцфонд #2026 год #Карстен Шнайдер #Министерство окружающей среды #Чернобыльская АЭС #ученые разработали #химиотерапия #витринные образцы #Алексей Тюльпин #гарантия #продавец #министерство края #ООО СЗ Корса #шоссе Космонавтов #шри-ланка #Галатасарай #Алексей Батраков #Ростов-на-Дону #украинка #сетевое хранилище #USB #медиасервер #роутер #принтер #Следственный комитет России #Новгородская область #Декларация о независимости #Нагорно-Карабахская Республика #сотрудники ТЦК #Юрий Котенок #FPV-дроны #мобилизация на Украине #сады и парки #комитет по благоустройству #Merck #Moderna #Евгений Шевелев #Евгений Гинер #Кубок России #Акрон #производство труб #инсайдерская информация #ТМК #Дружбы и Алебашевской #улицы Щербакова #казначейский инфраструктурный кредит #Александр Моор #очистные сооружения

Newsletter