Үржар ауданында үш бала жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды
Тағы үш бала ауыр халде.
Сағат 16:00 шамасында 55 жастағы " Toyota " автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үйдің қақпасы жанында тұрған балалар тобына соқтығысқан.
Оқиға салдарынан екі кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Тағы үшеуі түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптама оның жол апаты кезінде масаң күйде болмағанын көрсетті. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", — деп айтты Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полковник полиции Ернар Базаров.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен Астанадан дәрігерлер келді.
"Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес қаза болғандардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық қолдау, сондай-ақ психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында", — делінген ресми хабарламада.
Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалды