Қазақстанда тұрақты тіркеусіз зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тоқтатылмақ

Қазақстан еңбек министрлігі зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібін өзгерту туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды LS. Жобаға сәйкес, тұрақты тіркеуі жоқ немесе шетелде тұратын азаматтарға төлемдерді шектеу қарастырылған.

Бұл бастама "Міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қатысты реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында көрсетілген.

Құжатта зейнетақы мен жәрдемақы тек Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтарға, қандастарға және шетелдіктерге төленетіні көрсетілген. Министрліктің мәліметінше, төлем алушылардың тіркеу деректерін тексеру барысында 100 мыңнан астам адамның тұрақты тіркеуі жоқ екені анықталған.

"Бұл шаралар бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеу талаптарын сақтамау жағдайларын азайтуға бағытталған. Егер азаматтың тұрақты тіркеуі жоқ болса, мәселе шешілгенге дейін зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері уақытша тоқтатылады. Мұндай тәжірибе көптеген елдерде қолданылады", — деп атап өтті министрлікте.

Қосарланған қаржыландырудың алдын алу мақсатында мемлекет толық қамтамасыз ететін азаматтарға төлемді шектеу ұсынылып отыр. Бұл санатқа қарттар үйінде, психоневрологиялық мекемелерде немесе басқа да арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында (АӘҚКО) стационарлық жағдайда тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, сотталғандар кіреді. Қазіргі уақытта олардың әлеуметтік төлемдері тікелей осы мекемелердің арнайы шоттарына жіберіледі.

Еңбек министрлігінің дерегінше, 2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) 1,4 млн азаматқа әлеуметтік төлем жасаған. Жалпы төлем сомасы 958,3 млрд теңгені құраса, әлеуметтік аударымдардан түскен кіріс (өсімпұлмен қоса) 637,5 млрд теңгені көрсеткен.

Нәтижесінде қордағы кассалық тапшылық 320 млрд теңгеге дейін өсіп, рекордтық деңгейге жетті. Әлеуметтік төлемдер шығысының 82%-дан астамы, яғни 790 млрд теңгеден көбі, ана мен баланы қолдауға жұмсалған. МӘСҚ талдауына сүйенсек, декретке шығатын әйелдер арасында төлемдердің ең жоғары мөлшерін алу үшін түрлі күмәнді схемаларды қолдану жағдайлары ел бойынша кең таралған. Осы себепті заңнаманы осы салада қатаңдату ұсынылып отыр.

Жоспарланған өзгерістер мен толықтырулар 2025 жылдың желтоқсан айында күшіне енуі мүмкін. Құжат ағымдағы жылдың 24 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в регионах РФ, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#Российские военнослужащие #Мухаммед аль-Фарх #Гражданский кодекс РФ #Углегорский район #судебно-медицинская экспертиза #EY-Parthenon #6 трлн #технологический суверенитет #финансовый кризис #Ключевая #национальный проект Семья #Лучанов #каратели #сердечная проводимость #ГКБ Вересаева #армия России #Владимир Сидорович #Оzon #Эмин Агаларов #ОВД Долгопрудного #Борис Надеждин #Минюст России #газпром трансгаз казань #особый порядок суда #подкуп арбитров #Скородумов #Кировский район Казани #дикорастущая конопля #сокращение слов #разговорный письменный язык #Татьяна Гартман #Галина Бобкова #деловая переписка #Исмаил Багаи #поиски женщины #рост доходов #недорогая обувь #недорогая одежда #поддержка отечественных производителей #Патриот #Lockheed Martin #RTX #нацсистема обороны #Юкка-Пекка Шредерус #ядерная угроза #Хельсинки #международный контроль #Дмитрий Стешин #Hornet #Saint Tropez Twist

Newsletter