Оралда есірткі тасымалдаумен айналысқан оқушы ұсталды

Оралда синтетикалық есірткі затын сату үшін жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жастағы оқушы ұсталды.

1 маусым мен 31 қазан аралығында республика аумағында «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, іс-шара өткізу барысында Полиция департаментінің қызметкерлерімен 94 есірткі қылмысына қатысты құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 44 қылмыс және 55 қылмыстық әрекет анықталды.

«БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Орал қалалық ПБ қызметкерлері жасырын орындарды ұйымдастырумен айналысқан 16 жастағы қала мектептерінің бірінде оқитын 11-сынып оқушысын қолға түсірді. Ол қылмыс үстінде ұсталды. Жеке тінту кезінде ішінде ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған жасыл түсті изолентамен оралған 2 қаптама табылып, тәркіленді. Оқушының телефонын тексеру кезінде жасыру орындарының координаттары анықталды. Оның көмегімен ішінде арнайы иісі бар ұнтақ салынған жасыл түсті изолентамен оралған 23 қаптама тәркіленді», – делінген хабарламада.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#Украинское Минобороны #террористический акт #ФСБ России #госизмена #ФНС РФ #Александр Хаминский #Гиперзвуковая ракета #НПО машиностроения #Александр Леонов #Циркон #посольства #арестованные #Биокад #Минпромторг РФ #Сабынды #плотина Шоптыколь #Коргалжынский район #ВМС Великобритании #Азовское море #сухогрузы #РЖД #Костромская область #транспортная полиция #Газпром газораспределение Дагестан #Табасаранский район #Хивский район #Газопроводы #здоровье ребенка #Армавир #Тележка #Радиостанция Судного дня #военная радиостанция #Федерация футбола Румынии #сборная Румынии #Мирча Луческу #Бухарест #Ядерная безопасность #Алексей Лихачёв #Лидия Антонова #ФГОС #Министерство просвещения РФ #Мособлдума #провалился под лед #Велебит #газовая инфраструктура #Совет обороны #Александар Вучич #Ульяновская область #пассажирские поезда #матч 23-го тура

Newsletter