Павлодарлық тіл жанашыры психикалық науқастарды емдейтін мекемеден шығарылды

Тіл жанашыры, қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі психиатриялық емханадан шықты. Кешеден бері бұл жаңалық қазақ тілді қоғам арасында үлкен дүрлігіс туындатқан еді.

Руза Бейсенбайтегінің психикалық науқастарды емдейтін мекемеден босатылғаны туралы алғашқы болып Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Асылбек Туғанбай мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кешелі бері көзіқарақты жұртшылық павлодарлық белсенді, тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің жағдайына алаңдаулы болғаны түсінікті. Дәл қазір Руза апай психиатриялық емханадан босатылды. Жағдайы жақсы. Ол кісіге қатысты мәселеге барлығымыз алаңдадық. Шамамыз келгенше нақты ақпарат алып отыруға тырыстық. Құзырлы мекемелермен үнемі байланыста болдық. Әр өңірден қаншама адам хабарласты. Барша жанашыр ағайынға алғыс білдіреміз», — деп хабарлады Асылбек Туғанбай.

Р.Бейсенбайтегінің мекемеден шығарылғаны туралы ақпарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін денсаулық жағдайының жақсаруына орай, консилиум шешімімен науқас диспансерлік бақылау ұсынысымен үйіне қайтарылды.
Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта науқастың психикалық ауытқулары нашарлап, айналасындағы адамдарға зиян келтіру ықтималдығы қайта байқалған жағдайда, ол емдеуге жіберілетін болады» деп жазылған басқарманың ресми хабарламасында.

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#Сергей Калиновский #УФСИН России #ФСИН России #Республика Саха (Якутия) #Питон-де-ла-Фурнез #Реюньон #ДВО РАН #бар Руки вверх #Зеленоград #Сергей Жуков #Госcовет РФ #Василий Орлов #Манвел Мажонц #Юрий Чайка #Ленинский район #Госсовет Татарстана #внесение вклада солидарности #Иоана Доджою #таможня рт #татарстанская таможня #топливный кризис #градостроительного комплекса #мясные консервы #Ново-Переделкино #инопланетяне #Дан Йоргенсен #СПГ #сход поезда #ПРОИСШЕСТВИЯ: Подробности #хк динамо минск #Уильям Грин #Дэвид Ходне #Рэнди Джордж #японские зоопарки #Зооботанический парк Хигасияма #Нагоя #Московский зоопарк #манулы #Национальная лотерея Великобритании #президент тренировка команда #подарок хоккеисты Белоруссия #Динамо Минск Лукашенко #Белоруссия хоккей новость #Михаил Делягин #Шама #Минобороны Италии #Гуидо Крозетто #национальная безопасность #Киргизия #лжесоюзники

Newsletter