Ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қандай

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылғы 26 желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді. Науқастардың 15-і әзірбайжандық, сегізі ресейлік және үшеуі Қырғызстан азаматтары, ал біреуінің азаматтығы белгісіз.

Олардың 11-і реанимацияда, 13-і травматология , 2 адам — нейрохирургия және біреуі — хирургия бөлімінде.

"Науқастар әртүрлі жарақаттармен түсті, негізінен оларға жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, жабық кеуде жарақаттары, 1-2 дәрежелі травматикалық шок диагноздары қойылды. Реанимация бөлімшесіндегі 11 пациенттің үшеуі тұрақты ауыр жағдайда, жетеуі ауыр жағдайда және бір пациент өте ауыр, тұрақсыз жағдайда. Қабылдау кезінде зардап шеккендерге барлық қажетті тексеру түрлері жүргізілді, жағдайы тұрақтанғаннан кейін бейіні бойынша ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады ведомствода.

Барлық науқастар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алады.

Тергеу органдары екі пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Олардың бірінің Әзірбайжан азаматы екені анықталды.

Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді.

"Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді. Барлық зардап шеккендерді қарап шықты, жұмыс тактикасы келісілді. Сондай-ақ науқастармен және туыстарымен психологтар тобы жұмыс істейді", — деп толықтырды облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Сондай-ақ, олар бүгін, 26 желтоқсанда сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиациясының борты өз азаматтарын эвакуациялағанын хабарлады.

Кейінгі мәлімет бойынша, Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны — 29 адам. Ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін. Бортта Қазақстан азаматтары да болған. Ұшақта болған алты қазақстандықтың бәрі қаза тапты.

Сурет: akorda.kz

Қандай жаңалық бар?

Что нового?

Новости Қандай жаңалық бар?\Что нового? - освещение широкого спектра событий, происходящих в Казахстане, Центральной Азии, СНГ, странах ближнего и дальнего зарубежья.

Теги

#Прейльский край #Аугшдаугавский край #Балвский край #воздушная тревога #Селемджинский район #ГУ МЧС России #Амурская область #кодекс этики #Союз журналистов России #Владимир Соловьев #военные преступления #Шебекино #наемники #международное право #теневой флот #Сергей Лавров #чемпионат Саудовской Аравии #Золотой мяч #Джорджина Родригес #Криштиану Роналду #Пэрис Джексон #Майкл Джексон #одиночество #разводы #Ольга Вострикова #Михаил Гинзбург #Минздрав России #травяные чаи #цельнозерновой хлеб #Большой Федосьинский пруд #Волгоградский проспект #Сергей Собянин #Наталья Степаненко #переучивание #психологическое развитие #леворукость #детский психолог #ViralHog #Стас Давыдов #This is Хорошо #Первый канал #российские спортсмены #Франкфурт-на-Майне #парковочный барьер #покупка Великобритании #Остин Пауэрс #Василий Маргелов #городской совет #Днепропетровск #ВДВ

Newsletter