Қазақстанда жалақы айырмашылығы 1,3 млн теңгеге жетті
Қазақстанда ең төменгі және ең жоғары жалақы арасындағы алшақтық 14,4 есеге, яғни 1,3 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды LS.
2025 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанда жалдамалы қызметкерлер саны 3,8 млн адамға жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артты.
Орташа айлық атаулы жалақы 434,8 мың теңгені құрап (+10,7%), нақты жалақының өсуі тек 0,3%-ды көрсетті.
Ең көп қазақстандық білім беру саласында жұмыс істейді – 1,1 млн адам. Бұл саладағы орташа айлық 337,6 мың теңге (+7,1%) болса да, нақты жалақы 3%-ға төмендеген.
Өнеркәсіп саласында 646,7 мың адам жұмыс істейді, олардың орташа айлығы 614,5 мың теңге (+13,7%), нақты өсім – 3%. Ал денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында 471,9 мың адам еңбек етеді, орташа айлық – 325,7 мың теңге, нақты өсім – 6,9%.
Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру саласында көмекші қызметтер көрсететін мамандарда тіркелген – 1,4 млн теңге (+25,6%). Сондай-ақ, компьютерлік бағдарламалау және оған қатысты қызметтер мамандары – 1,3 млн теңге (+34,6%), ал басшылар мен бизнес-кеңесшілер – 1,2 млн теңге (+17,7%) алады.
Ең төменгі жалақы балық шаруашылығында тіркелген – бұл салада айлық 24%-ға төмендеп, 97,5 мың теңгеге жетті. Инфляцияны ескергенде нақты жалақы 31,6%-ға қысқарған.
Сонымен қатар, балабақша тәрбиешілерінің орташа табысы 220,9 мың теңге (+11,8%, нақты: +1,3%), күзет агенттіктері мен инкассаторлардың – 210,7 мың теңге (+9,2%, нақты: -1,1%), ал тұрғылықты жерді қамтамасыз етпейтін әлеуметтік қызметкерлерді – 243,4 мың теңге (+3,9%, нақты: -6%) деңгейінде болды.
Өңірлер бойынша ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау облысында – 625,5 мың теңге (+8,6%) және Атырау облысында – 609,3 мың теңге (+1,2%). Алайда нақты жалақы бұл өңірлерде сәйкесінше 1,1% және 8,1%-ға төмендеген.
Алматыда орташа айлық 535,8 мың теңгеге жетіп, атаулы өсім 14,5%, нақты өсім – 2,9%. Астанада орташа жалақы 576,4 мың теңгеге өсіп, нақты өсім 1,2%-ды көрсетті. Шымкент ең төмен жалақы алатын бес өңірдің қатарына кіріп, 332,3 мың теңге деңгейінде болды (атаулы: +10%, нақты: +0,7%).
Түркістан және Жамбыл облыстарында орташа айлық 330,9 мың теңге болса, Солтүстік Қазақстанда – 315,5 мың теңге.
2025 жылдың I тоқсанында медиандық жалақы 298,2 мың теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өскен. Ал II тоқсанда ол 316,1 мың теңгеге жетіп, өсім 11,2%-ды көрсетті.
Бұған дейін, LS редакция үкімет ең төменгі жалақыны өзгертпейтінін жазған болатын. Ол бұрынғы деңгейде – 85 мың теңге болып қалады.